«Қазмұнайгазмаш» АҚ 2002 жылғы 09 қаңтарда өндірістің мұнай газ секторын технологиялық бағытты өніммен қамтамасыз ету мақсатымен құрылған.

Компания қызметінің негізгі бағыттары: мұнай кәсібіндегі бастапқы құралдарды және тығын арматурасын, жауапты фланецтерді, бекіту құралдарын өндіру, сонымен қатар, бастапқы құралдарды жеткізу, орнату және техникалық  қызмет көрсету бойынша қызмет.

«Қазмұнайгазмаш» АҚ өндірістік орындары Петропавл қаласындағы аумақтың ірі машина құрылыс кәсіпорнында орналасқан.  Зауыттың жалпы көлемі 10 397 ш.м, оның ішінде өндірістік көлемі  – 7 600 ш.м. Компания өкілеттігі  Алматы қаласында орналасқан.

Компания қызметі мұнай кәсібіндегі құралдарды өндіруге 02.11.2007 жылы ҚР энергетика және минералды ресурстар Министрлігімен берілген № 001707 мемлекеттік лицензиясы бойынша жүргізіледі.

 

«Қазмұнайгазмаш» АҚ төменгі өнім номенклатурасын ұсынады:

  • фонтанды арматура,
  • қысымдаушы арматура,
  • штангсорғыш арматура,
  • колонналық байламдар,
  • моноблокті колонналық ұштар,
  • құбырлы ұштар,
  • шиберлы жаппалар,
  • дискілі жаппалар,
  • жоғары және төмен қысымды кескінді жаппалар,
  • превенторлар,
  • дөңгелекті крандар,
  • қайтарма клапандар,
  • бітегіш вентилдер (жаппалар),
  • бұрышты вентиль,
  • дросселдеуіш қондырғы,
  • ауыспалар,
  • фланецтер мен метиздер,
  • блокты құралдар: Спутниктер, Өлшеуіштер, СББ  2-6 бұрғыламаға арналған, Тырма блогтары сіздің талабыңызға сай,
  • есептеу байламдары,
  • бастапқы герметтеуіш (БЖЖ және БКЖ өндіруге жеңілдетілген),
  • бастапқы сальник,
  • штанг айналдырғыш,
  • перфораторлы жаппа,
  • және сіздің техникалық талабыңызға қарай мұнай мен газды өндіру мен тасымалдауға арналған басқа да құралдар.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының мұнай өндіруші компанияларының кәсіпорындары біздің клиенттеріміз болып табылады, олардың ішінде «КазМұнайГаз»КЗ» АҚ, «Манғыстаумұнайгаз» АҚ,  «Petro Kazakhstan Kumkol Resources» АҚ,  «Торғай Петролеум» АҚ,  «Казгермұнай» БК және басқалар.  «Қазмұнайгазмаш» АҚ,  сонымен қатар, «Buzachi Operating LTD», «First International Oil Corporation», «Roxi Petroleum» және басқа да шет елдер компнаияларымен ынтымақтастықта. Біздің клиенттеріміздің пікірлері талапқа сай ұсынылуы мүмкін.

«Қазмұнайгазмаш» АҚ клиенттерінің арасында  «Орталықказэнергомонтаж» АҚ,  «Павлодарэнерго» АҚ және «Павлодар Жылу Жүйелері» АҚ сияқты энергетикалық кешендер де бар.   


«Қазмұнайгазмаш» АҚ соңғы жетістігі ретінде экспортқа бағытталған қызметін айтуға болады. Соңғы ірі келісім-шарт  «Қазмұнайгазмаш» АҚ мен  «Нефтемаш» ААҚ (Ресей)  арасында жаппалар жеткізу  бойынша жасалды. Осының барлығы  «Қазмұнайгазмаш» АҚ өнімдерінің барлық мемлекеттік және әлемдік стандарттарға сәйкес келуі мен Тұтынушының талғамына сай болуының кепілі. 

Қазіргі уақытта  «Қазмұнайгазмаш» АҚ  Agip KCO, KPO B.V. және TCO әлемдік мұнай және газ өндіруші компанияларына өнім жеткізуші компания ретінде тіркелу рәсімін аяқтады.

Компанияда төменгі талаптарға сай келетін сапа басқару жүйесі енгізілген:

1) әлемдік стандарттар ISO 9001:2008, 14001:2004 және OHSAS 18001:2007   «ҚРБК «Интерсертифика-ЦентрАзия» ЖШС сертификаттарымен расталған;

2) әлемдік стандарттар API Spec 6A, шығарылған өнімге АРІ монограммасын жазуға рұқсат беретін   30.04.2012 жылғы № 6А-1326 сертификаты

Өндірілетін құралдардың сапасы  «САПА ИНТЕРСИСТЕМ» ЖШС берілген сәйкестік сертификаттармен расталған, сонымен қатар өндірілетін барлық құралдар тізімдемесіне тауарды өндіруші елдің сертификаттары бар СТ KZ (талап бойынша ұсынылады).

GISMETEO: Погода по г.Петропавловск

 

 

 

© Copyright 2010. АҚ "Қазмұнайгазмаш".